Елорда жаңалықтары

Астанада ерікті мемлекеттік қызметшілер сенбілікке шықты

Елордада мемлекеттік қызметшілер қатарынан құрылған еріктілер Қарасай батыр көшесінен Н.Тілендиев көшесіне дейінгі аумақты алатын  Сарыбұлақ өзенінің бойында сенбілік жасады, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Биыл елордада алғаш рет мемлекеттік қызметшілер қатарынан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жанынан «Еріктілер кеңесі» консультативті-кеңесші органы құрылды. Кеңес мүшелері Сарыбұлақ өзенінің бойында жиналып, тазалық жұмыстарын жүргізді. 

IMG-20230610-WA0024.jpg

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы, кеңес мүшесі Бибігүл Нурованың сөзінше, қала бойынша 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар. 

IMG-20230610-WA0033.jpg

«Мемлекеттік қызметкерлерден жиналған кеңес елордада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен алғаш рет құрылды. Осыған дейін мемлекеттік қызметшілердің ерікті қозғалысы болмаған. Елордада 72 мемлекеттік орган бар, онда 4 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Соның 100-ден астамы кеңеске мүше болуға ниет білдірді. Біз әр органның ерекшілігін ескере отырып, 35 ерікті іріктеп алдық. Олардың жас ерекшілігі әртүрлі. Бүгінде еріктілер кеңесінің жыл соңына дейін жұмысы жоспарланған. Бүгінгі сенбілікті де ұйымдастырып отырмыз. Өзен бойын тазалап, қала көркі әдемі болу үшін ат салысамыз,- деді кеңес мүшесі Бибігүл Нурова. 

Айта кетейік, «Еріктілер кеңесінің» төрағалары болып Жастар саясат мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев тағайындалған. Бүгінгі сенбілікке елордалық ерікті жастар да ат салысты. 

-->