Елорда жаңалықтары

Астанада ерекше профилактикалық акция өтті (ВИДЕО)

Астанада жол полициясының ардагерлері тәртіп сақшыларымен бірге азаматтарға жол жүрісі қағидаларын сақтаудың маңыздылығын еске салды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өмірін қызметке арнаған зейнеткерлер жүргізушілермен және жаяу жүргіншілермен өз тәжірибелерімен, сондай-ақ шынайы оқиғалармен бөлісті.

Жол жүрісі қағидаларын сақтамай, көлік тізгінінде салғырттық танытудың неге әкеп соғатынын айтты.

Мұндай акциялар жол қауіпсіздігінің ортақ мәселе екенін көрсетеді.