Елорда жаңалықтары

Астанада ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылады

Жақын арада елорданың сол жағалауында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы пайда болады. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Астана қаласының әкімі атынан елорда әкімдігі мен «Заед» қайырымдылық және гуманитарлық қоры арасында тиісті меморандумға қол қойдық. БАӘ-тарапынан маңызды құжатқа қордың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы шейх Нахаян бен Заид Әл-Нахаян қол қойды. Орталықтың құрылысы туралы келісім елордалық делегацияның Әбу-Даби қаласына (БАӘ) жұмыс сапары аясында өтті.

Үш күн бойы Азия өңіріндегі ынтымақтастық пен тұрақты әлеуметтік дамуға арналған Asian Venture Philanthropy Network – 2024 жаһандық конференциясының Пленарлық сессияларына қатыстым. Спорт кешені бар оңалту орталығы Есіл ауданында орналасады. Нысанның жалпы ауданы 1,5 га құрайды. «Заед» қорымен кездесу барысында одан әрі екіжақты ынтымақтастықтың басқа да мәселелері талқыланды, - деп жазды Е.Каналимов.