Астанада ер адам жедел жәрдем көлігінің алдыңғы әйнегін сындырып кеткен
Түн ортасында полицияға жедел жәрдем жүргізушісінен Бейбітшілік көшесінде белгісіз ер адамның қызметтік автокөліктің алдыңғы әйнегін зақымдаған. Оқиғаның видеосы желіде таралды.
Анықталғандай, 44 жастағы азамат алкогольдік масаң күйде көшеде жүріп, қарсы келе жатқан жедел жәрдем көлігіне барсеткасын лақтырып жіберген. Соққы салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі сынған.
Құқық бұзушыға қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.
Жыл басынан бері елордада осы бап бойынша шамамен 3 мың тұрғын жауапкершілікке тартылған.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіп ережелерін сақтап, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады, - деп жазды полициядан.