Астанада LRT бағанына асылып қалған ер адамның мәйіті табылды
Бұл мәліметті қалалық Полиция департаменті растап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Нәжімеденов көшесі бойындағы құрылыс нысанында ер адамның асылып тұрғаны туралы 102 нөмеріне хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері оның 38 жастағы азамат екенін анықтады. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мәйіт құқық қорғау органдарына тапсырылған.
«Оқиға орына жедел жәрдем бригадасы келген уақытта асылып қалған адамның мәйіті табылды. Мән-жайлар белгісіз, мәйіт полицияға тапсырылды», - деді Денсаулық сақтау басқармасы.