Елорда жаңалықтары

Астанада Егемен Қазақстан газеті көшесінің бір бөлігі жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Кенесары көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Егемен Қазақстан газеті көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты 16-18 тамыз аралығында көрсетілген учаскелерде қозғалыс толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.