Астанада дзюдодан «Үлкен дулыға» бәсекесінің ашылу салтанаты өтті
Дзюдодан елордамызда екінші мәрте «Үлкен дулыға» жарысы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Дзюдодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде 84 мемлекеттен 450 спортшының басын қосқан әйгілі «Grand Slam» бәсекесі жалғасып жатыр.
Айта кетсек, Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam кеше басталған болатын.
Кешегі күннің нәтижесі бойынша, әйелдерден 48 келі салмақта Ғалия Тынбаева алғаш рет топ жарса, Олимпиаданың 2 мәрте жүлдегері Елдос Сметов 60 келіде қола жүлдеге ие болды.
Әлемдік дода ережесі бойынша 1 орын үшін — 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.
Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестірілетін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.
-->Дзюдодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде 84 мемлекеттен 450 спортшының басын қосқан әйгілі «Grand Slam» бәсекесі жалғасып жатыр.
Дзюдодан Париж Олимпиадасына лицензиялық ұпай беретін Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының елімізде өтіп жатқаны үлкен қуаныш. Бұл жарысқа әлемнің ең үздік дзюдошылары атап айтсақ, 3 Олимпиада чемпионы, 13 Әлем чемпионы арнайы келді. Турнирде барлықтарына сәттілік тілей отырып, соңынан дейін күресулерін тілеймін, — деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.