Елорда жаңалықтары

Елордада Достық пен Қонаев көшелерінде жөндеу жұмысы жүргізіледі

Астанада Достық пен Д.Қонаев көшелері бойында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 14-19 маусым аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Фото: Астана қаласы әкімдігі