Елорда жаңалықтары

Астанада Достық пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіледі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Осыған байланысты 24-25 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет екені ескертілді.