Астанада Домалақ ана көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тасжолынан Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде Домалақ ана көшесіне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 15-22 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.