Астанада Дэвис кубогынан кейін жанкүйерлер залдағы қоқысты жинады
Кеше, 1 ақпанда теннистен Дэвис Кубогының матчынан кейін жанкүйерлер Beeline Arena-дағы қоқысты жинауға қалды. Жанкүйер мәдениеті – спортшыларды қолдау ғана емес, басқаларға деген құрмет, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Біз теннистен ләззат алу үшін келдік, бірақ неліктен өзімізден тазалап кетпеске? Бұл - қалаға, ұйымдастырушыларға, өзімізге деген құрмет», - деді акцияға қатысушылардың бірі.
Мұндай бастама Астанада кең таралып келеді.
Айта кетейік, Дэвис кубогы – Қазақстан құрамасы тұрақты қатысатын ерлер арасындағы ірі халықаралық командалық теннис жарысы.