Елорда жаңалықтары

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында концерттер өтеді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 6-14 қыркүйек аралығында қаланың 4 аумағында «Қазақ елі» монументі, Ататүрік саябағы, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақта орналасқан этноауыл аумағында концерттік бағдарламалар өтуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

10 қыркүйек «Қазақ елі» монументі алаңындағы этноауылда Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблі «Түркі әлемі» атты концертін ұсынады. Сонымен қатар, «Ататүрік» саябағында орналасқан этноауылда «Жастар» театры әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

11 қыркүйек «Бәйтерек» монументі алаңында «Тал бесіктен - жер бесікке» атты Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының әртістерінің қатысуымен мәдени шара өтеді. Осы күні Орталық саябақта «Наз» би театрының концерттік бағдарламасы өтеді.

14 қыркүйек қаланың 4 аумағында «Қазақ елі» монументі, Ататүрік саябағы, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақта орналасқан этноауыл аумағында мәдени шаралар өтеді.

Айта кетейік, концерттер 18:00-де басталады.