Елорда жаңалықтары

Астанада дүкеннен азық-түлік ұрлаған күдікті ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен қаланың 32 жасар тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында елордалық әйел таңертеңгі уақытта Тәуелсіздік даңғылындағы дүкенге келгені белгілі болды. Клиент кейпінде тауарларды қарастырып жүріп, өзінің іс-әрекетін ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, азық-түліктерді жасырын алып, дүкеннен кетіп қалған. 

Ұрлыққа қатысы бар әйел мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Астана қаласының полиция департаменті сауда қызметкерлеріне қырағы болуға, күдікті тұлғаларға назар аударуға және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

-->