Елорда жаңалықтары

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Бүгін Астанадағы Esil University-де бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

3.jpg

7.jpg

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

6.jpg

4.jpg

Мұнда жұмыс берушілер өз компанияларының презентациясын өткізіп, бос вакансияларын ұсынды. Ал жұмыс іздеушілер болса, компаниялардың HR-менеджерлерімен тілдесіп, сұхбаттасудан өтіп, қызықтырған сұрақтарын қойды. 

2.jpg

Айта кетейік, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі енді 28 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді. 

-->

Бүгін Астанадағы Esil University-де бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

3.jpg

Esil University-мен бірге «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, Халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Қазіргі кезде 50 компания 450-ге жуық жұмыс орнын ұсынып отыр. Олардың  қатарында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, банктер және т.б. мекемелер бар, - деді  «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитов.

7.jpg

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

6.jpg

Жасым – 27-де. Қазіргі кезде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратурада 2-курста оқимын. Қазіргі кезде тұрақты жұмыс іздеп жүрмін. Сол себепті бүгінгі бос орындар жәрмеңкесіне келіп, бірнеше жұмыс берушімен сөйлесіп, түйіндемемді қалдырдым. Мен мемлекеттік қызмет бойынша бос жұмыс орындарын қарастырып жүрмін, - деді Сұлтан Умурғалиев.