Елорда жаңалықтары

«Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Іс-шараға Астана қаласының Әділет департаменті, қалалық полиция департаменті, сондай-ақ Астана қаласының атқарушы округінің жеке сот орындаушылары қатысады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана  қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Оның мақсаты – алимент, мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлдар, салық берешектері бойынша төленбеген берешектері бар адамдарды анықтау. Мәселен, іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері 114 автокөлікті тоқтатты, олардың иелерінде  жоғарыда аталған санаттар бойынша төленбеген берешектері бар.

Көп жағдайда иелері, сондай-ақ көлік жүргізушілері төленбеген салық берешектері, айыппұлдары бар екенін білгеннен кейін ғана төлейді. Алайда борышкерлердің алимент берешектерін және 1 млн теңгеден астам берешегі бар ЖҚЕ қасақана бұзушыларды төлеуден қасақана жалтару жағдайлары да болды.

Аталған жағдай бойынша барлығы 7 автокөлік коммуналдық тұраққа қамалды, олардың иелері ұзақ уақыт бойы жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзған, сол сияқты айыппұлдары мен алименттерін төлемеген.