Астанада биыл 24 мектептің құрылысы басталады
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken business телеарнасында Астананың дамуы және әлеуметтік мәселелер тақырыбында өткен эксклюзив сұхбатта айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken business телеарнасында Астананың дамуы және әлеуметтік мәселелер тақырыбында өткен эксклюзив сұхбатта айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Президентіміз «Жайлы мектеп» бағдарламасын жариялады. Биыл тапсырма бойынша Астанада 24 мектептің құрылысы басталады. Алдағы жылдары жалпы 40 мектеп салынады. Ол 100 мың оқу орнын береді. Қалада жыл сайын мектепке 24 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады. Ал мектепті 7-8 мың бала бітіреді. Бұл жыл сайын мектепке баратын балалар саны артып жатқанды көрсетеді. Мектепті салғаннан кейін кадр мәселесі бар. Бұл жұмыста атқарылып жатыр. Біздің жоспар бойынша алдағы уақытта 7 мың педагог қосымша болады, деді қала әкімі.