Елорда жаңалықтары

Астанада биыл 2,5 шақырым кәріз жүйесі салынады

Астана қаласы әкімі қаланы аралау барысында бірқатар кәріз тазарту құрылысын тексерді. Бұл туралы Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda info.

 

кариз 3.jpg

 

Оның айтуынша, жұмыс Қалдаяқов көшесі (Алматы ауданы) учаскесіндегі №1/ №2 сорғы станцияларында да жүргізіледі. Мұнда коллектор тазартылды. Ол 90% лайланған. Сондай-ақ бірінші және екінші кәріз сорғы станцияларының (КСС-1 және КСС-2) сорғы жабдықтарын толық жинақтау; су бұру коллекторын кешенді тексеру жұмысы жүргізілетін болады.

Ал келер жылы Кенесары көшесіндегі Есіл өзені арқылы (КазГЮУ ауданы) өтетін көпірдің құрылысы жоспарланып отыр.

-->

 

кариз 3.jpg

 

Сол сияқты көшелердің, автомобиль көпірінің құрылысымен таныстым. Мәселен, биыл жерүсті ағын суын бұру үшін 2,5 км нөсер кәрізінің магистральдық желісін салуды жоспарлап отырмыз. 

Нөсер жаңбыр кезінде су астында қалатын негізгі проблемалы учаскелердің бірі – Ұлы дала даңғылы. Мұнда тазарту қондырғылары 14 жыл бұрын салынған. Қазіргі қуаты аздық етеді. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Қолданыстағы «III – 3» тазарту құрылысын кеңейтетін боламыз. Жобаны іске асырудың нәтижесінде Ұлы дала даңғылында ғана емес, құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан жаңа аудандарда да су басу мәселесі шешіледі, - деді Астана қаласы әкімі. 

Оның айтуынша, жұмыс Қалдаяқов көшесі (Алматы ауданы) учаскесіндегі №1/ №2 сорғы станцияларында да жүргізіледі. Мұнда коллектор тазартылды. Ол 90% лайланған. Сондай-ақ бірінші және екінші кәріз сорғы станцияларының (КСС-1 және КСС-2) сорғы жабдықтарын толық жинақтау; су бұру коллекторын кешенді тексеру жұмысы жүргізілетін болады.

Жобаны іске асырудың нәтижесінде Қалдаяқов, Панфилов, Нәжімеденов көшелерінде су басудың алды алынады.

Нөсер кәрізі желілері мен кәріз тазарту құрылысын салу жұмысы жүйелі деңгейде жүргізіліп жатыр. Осыған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су басу мәселесі шешілді.

Жол-көлік желісін жүйелі дамыту үшін көпірлер, көлік жол айырығы, көшелер саламыз және жобалаймыз.

Биыл Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысын аяқтаймыз. Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешіті ауданымен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді, - деді ол. 

Ал келер жылы Кенесары көшесіндегі Есіл өзені арқылы (КазГЮУ ауданы) өтетін көпірдің құрылысы жоспарланып отыр.