Астанада биыл 100 мың түп тал егілді
Астана қаласы мен маңайын көгалдандыру мен жасыл желекке орау мәселесі бір сәт те күн тәртібінен түскен емес. Бұл саладағы жұмыстар қала әкімдігінің үнемі назарында, деп хабарлады Elorda.info
Осы жылдың басында президент бас қаламызда "жасыл қала" идеясын жүзеге асыруға айрықша тоқталып, нақты тапсырма берген болатын.
Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында қала ішіндегі бос орындардың барлығы көгалдандырылуда. Сонымен қатар, көше бойларымен тұрғын үй кешендерінің маңайларына тал отырғызызу жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Мәселен, биылдың өзінде елордада 100 мың түп тал отырғызылды. Бұл астаналықтарға таза ауа сыйлап қана қоймай, қаланы жасыл желекке көмкеріп келбетіне сән беріп тұр.
Сонымен қатар ол бас қаланы көгалдандыруға тек әкімдік қана атасылысып отырмағанын айтады. Оның сөзінше тұрғын үйлер мен өзге де құрылыс нысандарын салушылар да өз үлестерін қосуы тиіс.
Бұл күнде жасыл желектерге жүргізілген талдау бойынша елорданың бір тұрғынына көгалдандырылған алаң 14 шаршы метрден келеді. Әкімдік өкілдері бұл көрсеткішті алдағы жылдары тұрғын басына шаққанда 19 шаршы метрге жеткізуді жоспарлап отырғандарын айтады.
-->Осы жылдың басында президент бас қаламызда "жасыл қала" идеясын жүзеге асыруға айрықша тоқталып, нақты тапсырма берген болатын.
Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында қала ішіндегі бос орындардың барлығы көгалдандырылуда. Сонымен қатар, көше бойларымен тұрғын үй кешендерінің маңайларына тал отырғызызу жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Мәселен, биылдың өзінде елордада 100 мың түп тал отырғызылды. Бұл астаналықтарға таза ауа сыйлап қана қоймай, қаланы жасыл желекке көмкеріп келбетіне сән беріп тұр.
Қаламызда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, өткен жылы 1 милиион жасыл желек егілді. Биыл да солай. Ал келер жылы абаттандыруды одан әрі арттыруды көздеп отырмыз. Алдағы жыла да жасыл желектің саны кем дегенде 1 миллионнан асатын болады, – дейді Астана қалалық Урбанистика орталығының директоры Елнар Базыкен.
Сонымен қатар ол бас қаланы көгалдандыруға тек әкімдік қана атасылысып отырмағанын айтады. Оның сөзінше тұрғын үйлер мен өзге де құрылыс нысандарын салушылар да өз үлестерін қосуы тиіс.
Қаламызды көгалдандыру жұмыстарына тек біз ғана атсалыспаймыз. Тұрғын үй кешендері, өнеркәсіпік және коммерциялық нысандар, сауда және бизнес оратылықтары жұмылдыралатын болады. Шаһарда өздікінен де тал отырғызып, табиғатымызға тамшыдай болса үлес қосатын тұрғындар аз емес" – дейді Е. Базыкен.