Елордада бірнеше мектептің оқушылары смартфоннан бас тартты
Астанада бірнеше мектептің оқушылары смартфоннан бас тартты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Білім сапасын арттыру мақсатында Астана мектептерінің бірқатар білім беру ұйымында «Смортфонсыз мектеп» жобасы іске асырылып жатыр.
Атап айтқанда, №1, 4, 7, 8, 17, 18, 25, 28, 29, 32, 34, 43, 46, 48, 52, 58, 70, 73, 76, 77, 87, 93, 103, 103, 108 мектептің оқушылары сабақта смартфон қолданудан бас тартты.
«Білім алушылар бірінші сабақтың алдында ұялы телефондарын арнайы ұяшықтарға салып қояды. Мұндай шара оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер етеді», - деп көрсетті Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.