Астанада бірнеше көше уақытша жабылады
Елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде 28 қараша күні шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі отырысының өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелерде қозғалыс толықтай шектеледі: Ж.Нәжімеденов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін) және Аманжолов көшесі (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).
Осыған байланысты мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді: №14, 32, 43, 50, 66, 84. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін болады.
27 қарашада ҚР ҚМ фронтты авиациясының қала үстінен ұшуы жоспарланған.
«Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.