Елорда жаңалықтары

Астанада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №28, 52, 54, 55А, 55Б, 66 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өзгертілген қозғалыс сызбаларымен мына сілтемеден таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.