Елорда жаңалықтары

Астанада бір топ жігіт көшенің қақ ортасында жаға жыртысты

Астана қалалық Полиция департаменті бір топ жігіттің көшеде төбелесуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Elorda.info.

Полицейлердің айтуынша, түнгі уақытта мекемелердің бірінде жас жігіттер арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде төбелеске қатысы бар адамдар полицияға жеткізілді.

-->

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.