Елорда жаңалықтары

Астанада бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Астанада 9 қыркүйекте «Koktal Run» жүгіру марафоны ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі.

Марафон «Көктал» саябағынан бастау алады. 

Жүгіру бағыты бойынша Бейбарыс Сұлтан көшесін Еңлік-Кебек көшесінен Шабал Бейсекова көшесіне дейін жабылып, аталған аралықта турникет орнатылады.

Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында іс-шара кезінде маршруттық автобустардың уақытша айналма жолы қарастырылады.

Айта кетейік, іс-шараға жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады.

Жүгіру қашықтығы:

1. Балалар (16 жасқа дейінгі қыздар): 1 шақырым;

2. Балалар (16 жасқа дейінгі ұлдар): 2 шақырым;

3. Ересектер (жас шектеусіз): 5 шақырым.

Марафонға тіркеу сағат 08:00-де басталады.

Марафон соңында балалар мен ересектер арасында 1, 2, 3-орынға ие болған қатысушылар марапатталады. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болады.

-->