Елорда жаңалықтары

Астанада бастауыш сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды

Елордада бүгін екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.

«2025 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші  ауысымның 0-4 сынып оқушылары  қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.