Астанада балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Игі істер марафоны аясында Құрбан айт мерекесіне орай Астана қаласы Есіл ауданы əкімінің аппараты аудандағы кәсіпкер ұйым «ПОЛИМЕРСТРОЙ-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС-пен бірлесіп, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жəне халықтың əлеуметтік осал топтары санатындағы отбасыларға қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Акция аясында Есіл ауданы əкімі аппараты екі қабатты «Red Bus» автобусымен балаларға елорданың негізгі көрікті жерлеріне экскурсия жүргізді.
Сондай-ақ əрбір балаға сыйлық сертификаттары табыс етілді. Бұдан бөлек, ХƏОТ санатындағы 15 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.
Айта кетейік, марафон халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған.
-->Акция аясында Есіл ауданы əкімі аппараты екі қабатты «Red Bus» автобусымен балаларға елорданың негізгі көрікті жерлеріне экскурсия жүргізді.