Елорда жаңалықтары

Астанада Қажымұқан Мұнайтпасов көшесі жабылды

Бұл туралы елорда әкімдігің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 9-12 қыркүйек аралығында Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан М. Жұмабаев даңғылына дейінгі аралығындағы жолдың жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді.

Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.