Елорда жаңалықтары

Астанада «Ажар» сауда үйінен өрт шықты

Астана қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде «Ажар» сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Өртті жоюға ТЖМ күштері мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

-->

Астана қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде «Ажар» сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт болған кезде ішінде адамдар болмаған.

Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 60 ш.м. алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өртті жоюға ТЖМ күштері мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.