Астанада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды
Астанада ересек тұрғындарға қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 3 ақпаннан бастап елордалық тұрғындарға қазақ тілін тегін оқыту курсын бастайды.
Курсқа қатысу үшін өтініш 2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап 31 қаңтар аралығында қабылданады.
Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 9, 209-кабинет.
Байланыс телефоны: 8 7172 24 90 52.