Елорда жаңалықтары

Астанада Қазақстан әйелдерінің форумы басталды

Елордада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына арналған Қазақстан әйелдерінің форумы өтуде, деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер форумына еліміздің барлық өңірінен 500-ден аса қатысушы жиналды. Олардың қатарында белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, журналистер, кәсіпкерлік, білім және ғылым салаларының өкілдері, көпбалалы аналар бар.

dd8cbd83-7ca7-4dcf-9860-e0fee3011b9d.jpg

Іс-шараның негізгі мақсаты әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлін талқылау, сондай-ақ олардың өзін-өзі дамытуға және елдің саяси өміріне қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталған бастамалар болды.

Форум 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған заманауи бейнелеу өнері көрмесінен басталды. Экспозицияға заманауи авторлардың әртүрлі стильдері мен әдістерімен жасалған 25 жұмысы кіреді.

e1318d7c-4208-4f70-a1aa-37bd24d30c61.jpg

Әр суретші әйел бейнесін түсіріп, оған ерекше мазмұн мен мағына берді. Көрмеге қатысушылар әйелдің отбасындағы және мансаптағы рөлі, оның жан-жақты мәні мен айрықша мақсаты туралы өз көзқарастарын ұсынды.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Байкен, AMANAT партиясының хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ш.Каринова, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Н. Жақыпов және басқа да түрлі салалардың өкілдері қатысты.

Форум TEDX форматындағы спикерлердің сөз сөйлеуімен жалғасады.

-->