Астанада автобус парктерінің 7 басшысы жауапкершілікке тартылды
Астанада автобус парктерінің 7 басшысы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elorda.info.
Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 667 автобустың жылыту жүйесінің техникалық жағдайына, электр жабдығына және басқа да талаптарға сәйкестігі тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-->Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 667 автобустың жылыту жүйесінің техникалық жағдайына, электр жабдығына және басқа да талаптарға сәйкестігі тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде жолаушылар тасымалдаушыларымен жіберілген 127 әкімшілік бұзушылық анықталды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 2 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 8 фактісі тіркелді. Сондай ақ қоғамдық көлікті басқару кезінде 33 жүргізуші телефонды пайдаланған және 32 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған», - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.