Елорда жаңалықтары

Астанада автобус картасының төлемін белсендіру мерзімі ұзартылды

Көлік картасының теңгерімін толтырғаннан кейін немесе таңдалған тарифті сатып алғаннан кейін төлем белсендіруді қажет етеді.

Төлемді белсендіру үшін көліктік картаны автобустағы планшетке  қойып, 2-3 секунд ұстап тұру керек. 

30 күнде белсендіріп үлгермеген жағдайда, төлем жүйемен бұғатталады. Оны қайта іске қосу үшін Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасына бару керек немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығына, 109 нөміріне хабарласуға болады.

-->

Төлемді белсендіру кезінде бір мезгілде жол ақысын алу жүргізіледі. Төлемдерді іске қосу кезінде осы ақпаратты ескерген жөн, - деді CTS компаниясының баспасөз қызметі. 