Елорда жаңалықтары

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 12-13 қазан күндері өтеді

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 12-13 қазан күндері өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өз өнімдерін Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жетісу өңілерінен келген аграрлар ұсынады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді.

Олар ет, сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер, бал және басқа да тауарлар әкеледі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде №18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қатынайды. Жәрмеңкелер 27 қазанға дейін өтеді.