Елорда жаңалықтары

Астанада ауладағы шлагбаумды бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Елордада ауладан шыға алмаған жүргізуші шлагбаумды бұзған, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, қалада  еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, пікір көшбасшылары, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы өтіп жатыр.

Акция аясында қалада күндіз және түнде рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізіледі.

-->

Сарыарқа даңғылындағы үйдің жанында болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда жүргізушілердің екі көліктен қалай шыққанын көруге болады, олардың біреуі шлагбаумды жоғары қарай күшпен көтерген, осылайша оны зақымдап, материалдық шығын келтірген. 33 жастағы жүргізуші мүлікті қасақана бүлдіру фактісі бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапқа тартылды, - деп жазылған хабарламада.