Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Астанада «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Акция аясында Полиция департаменті басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, мектеп, балабақша және басқа да білім беру мекемелері маңындағы жолдарға кешенді тексеру жүргізді. Реттеу техникалық құралдарына және олардың көрінуіне, сондай-ақ жол және жаяу жүргіншілер жолында орналасқан жерасты инженерлік құдықтардың жай-күйін тексеруге ерекше назар аударылады.
Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша барлығы 147 ұйғарым шығарылды.
Бұл шаралар жол жағдайын жақсартуға және балалардың жолда қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде.
«Жыл басынан бері Полиция департаменті 808 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісін анықтады. Оның ішінде 542 мыңға жуық бұзушылық автоматты аппараттық-бағдарламалық жүйелерді қолдану арқылы анықталды.
Жол-көлік оқиғаларының жиі кездесетін себептері – маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы жүру ережелерін бұзу», - делінген хабарламада.
Астана қаласы Полиция департаменті барлық жол қозғалысының қатысушыларын, әсіресе мектептер мен балабақшалардың маңында сақ болуға шақырады. Жол жүру ережелерін сақтау және жолдағы сақтық шаралары жол-көлік оқиғасының алдын алып, барлық жол қозғалысының қатысушыларының өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпалын тигізеді.