Астанада ауған тауарларының көрмесі ашылды
Астанада бизнес-форум аясында Ауғанстаннан әкелінген тауарлар көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info.
Көрменің ассортиментінде дәстүрлі ауған өнімдері: кілемдер, мыс ыдыстар, мәрмәр, бағалы және жартылай бағалы тастар мен одан жасалған бұйымдар, сондай-ақ кептірілген жеміс, шафран, дәмдеуіштер бар.
Сондай-ақ, көрмеде құрылыс тауарлары, тұрмыстық және өндірістік химия, көкөністер мен жемістер, азық-түлік және басқа да тауарлар бар.
Көрме 3-5 тамыз аралығында EXPO аумағында, Конгресс-орталықта өтіп жатыр.
-->Көрменің ассортиментінде дәстүрлі ауған өнімдері: кілемдер, мыс ыдыстар, мәрмәр, бағалы және жартылай бағалы тастар мен одан жасалған бұйымдар, сондай-ақ кептірілген жеміс, шафран, дәмдеуіштер бар.