Астанада Қасым Қайсенов көшесі төрт айға жабылады
Астанада «Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Қ.Қайсенов көшесінің құрылысы» жобасы басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қ.Қайсенов көшесінің құрылысы бойынша жұмыстардың басталатыны туралы хабардар етті.
Осыған байланысты, 20 сәуір мен 20 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен орамішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.