Елорда жаңалықтары

Астанада асық атудан турнир өтеді

ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында асық атудан VI ашық турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа Астана қаласының №24, №42, №52, №55, №65, №83, №84, №85 мектептері, «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, Қарағанды облысы Нұра ауданының М.Сүлейменов атындағы және Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектептерінің 3-4 сынып оқушылары қатысады.

Жарыс «Бес табан» және «Бес асық» ұлттық ойындарының ережелері бойынша өткізіледі. Жеңімпаздар жиылған ұпай саны бойынша анықталады. І, ІІ, ІІІ орын иеленген командалар дипломдармен, ал үздік ойыншылар «Сұр мерген», «Қол мерген», «Көз мерген»,  «Шебер ойыншы», «Епті ойыншы», «Алғыр ойыншы» номинациясы бойынша алғыс хаттармен марапатталады.

Турнирді «Асық ату» федерациясымен бірге ҚР Ұлттық музейдің Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімі ұйымдастырады.

-->