Астанада ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Бүгін Астанада Абай мен Республика даңғылдарының қиылысындағы монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шараға қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, «Нағыз Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, соғыс ардагерлері мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Монументке гүл шоқтары Астана қаласы Ардагерлер кеңесі, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес, «AMANAT», «Ауыл», «Байтақ» партиялары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, жоғары оқу орындары мен бірқатар қоғамдық ұйымдар атынан қойылды.
Шара қатысушылары ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.