Астанада «Аңсаған сəби» балалары бас қосты
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Астанадағы «Экомед» орталығында «Аңсаған сəби» бағдарламасының көмегімен ата-ана атанған отбасылар мен 100-ден астам кішкентай бүлдіршіндердің қатысуымен фестиваль өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Фестивальдің негізгі ұйымдастырушыларының бірі – «Экомед» адам репродукциясы клиникалар тобы.
«Экомед» орталығы «Аңсаған сəби» квотасы бойынша үш жыл аралығында жалпы саны 6 554 квотаны игерді. 3 540 (54%) пациент жүктілік бойынша есепке тұрды. 2 487 (38%) сəби дүниеге келді. Арнайы квотаның көмегімен дүниеге келген сəбилердің Астанада бас қосуы кездейсоқтық емес. Себебі бөлінген квота бойынша жақсы нəтиже көрсеткен орталықтардың көшбасында «Экомед Астана» ұжымы тұр. «Экомед Астана» орталығы жалпы саны 2 525 квотаны игеріп, 1 479 (57%) келіншекті жүктілік бойынша есепке алды. 1 063 (42%) cəби дүниеге келді.
Балалы болуды армандап жүрген отбасыларға көмек қолын созатын тағы бір қайырымдылық қордың бірі – «Перзентті болу». Қордың құрылтайшысы – Әсел Жұбаева. Негізгі миссиясы – ЭКҰ емшарасын бастаған, бастауды жоспарлаған жандарға ақпараттық көмек беру. «Перзентті болу» қоры 3 000-нан астам пациенттерге ақпараттық-моральдік қолдау көрсетіп, 10 жұпқа тегін ЭКҰ емшарасына көмек көрсетті.
Сонымен қатар, «Экомед Астана» орталығы танымал тележурналист Лəйлə Сұлтанқызы құрылтайшысы болған «Mariyam» қайырымдылық қорымен тығыз серіктестік байланыста. Президент телерадиокешеніне қарасты «Жібек жолы» телеарнасынан көрерменге жол тартқан «Ана болғым келеді» бағдарламасы аясында 30-ға жуық отбасылық жұпқа тегін ЭКҰ емшарасы жасалды. Бүгінде жоба аясында 9 cəби дүниеге келді, 12 келіншектің аяғы ауыр, 8 жұп кезекті эмбрион тасымалына дайындық үстінде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сəби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Нəтижесінде, экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін артқан. Осылайша, мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие болуда. Еліміздің демографиялық ахуалының дамуына, отбасылық институттың нығаюына «Аңсаған сəби» арнаулы бағдарламасының маңызы зор.
Фестивальге жиналған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын елімізде денеден тыс ұрықтандыру лабораториясының негізін қалаған Салтанат Байқошқарова қарсы алып, шараның шымылдығын ашты. Қонақтарға балаларды ерте дамыту мамандары кеңес беріп, психологпен əртүрлі трансформациялық ойындар өткізілді. Сондай-ақ кішкентай сəбилердің тұсауы кесіліп, мерекелік фуршет жайылды. Бүлдіршіндерге арнайы ойын бөлмесі жасақталып, аниматорлар өнер көрсетті. Фестивальге Денсаулық сақтау министрлігінен, өкілдер келіп қатысты. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова орталықты аралап, жұмысымен танысты. Министр еліміз егемендік алғалы 30 мыңнан астам сәби эко арқылы дүниеге келгенін атап өтті.
Аталған бағдарламаға қатысып, бүгінде сәбилі болған Астана қаласының тұрғыны Ләйлә Елеусіз ойымен бөлісті.
Іс-шараның соңында фестивальдің ұйымдастырылуына себепші болған бүлдіршіндердің жəне олардың ата-аналарының қатысуымен флешмоб өткізілді.
-->Фестивальдің негізгі ұйымдастырушыларының бірі – «Экомед» адам репродукциясы клиникалар тобы.

«Mariyam» ҚҚ негізінен «Аңсаған сəби» квотасына белгілі себептермен іліне алмаған (диагнозы ауыр немесе сирек кездесетін генетикалық ауытқуы бар, жас категориясы сай келмейтін жəне т.б.), сыйластығы мен сенімі жарасқан, бірнеше мəрте өз қаражаттарына ЭКҰ жасатқан, көбіне мүлдем баласы жоқ отбасылық жұптарға көмек қолын созады. Нарықта орташа есеппен 3-4 млн теңгенің шамасындағы ЭКҰ бағдарламасының шығынын өтей отырып, тағы бір жанұяның арманына жетіп, сəбилі болуына себепші болуда. Отбасылық жұптардың сəбилі болуға жасаған əр қадамын Президент телерадио кешеніне қарасты «Жібек жолы» арнасынан көрсетілетін «Ана болғым келеді» хабарынан көре аласыздар. Аталған фестивальді ұйымдастыру тікелей ЭКҰ əдісінің көмегімен ата-ана атанған ел азаматтарының бастамасы. Біз тек игі бастаманың ұйымдастырушысымыз. Мемлекеттің атқарып жатқан оң істерінің жемісін көрсетуді əдемі мерекенің қарсаңында ұйымдастыруды жөн санадық, - деді Лəйлə Сұлтанқызы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сəби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Нəтижесінде, экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін артқан. Осылайша, мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие болуда. Еліміздің демографиялық ахуалының дамуына, отбасылық институттың нығаюына «Аңсаған сəби» арнаулы бағдарламасының маңызы зор.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мəліметі бойынша мемлекеттік квотаның көмегімен 2021-2023 жылдар аралығында 21 000 пациентке ЭКҰ жасалып, олардың 8 000 жүктілік бойынша есепке тұрды, 7 000 сəби дүниеге келді. Ниетіміз – игі бастаманың жемісі, еліміздің болашағы кішкентай бүлдіршіндердің жəне олардың жақындарының риясыз алғысын Президент мырзаға жеткізу, мемлекеттің ел азаматтарының болашағы мен бақыты жолында атқарып жатқан еңбегін бағалау, - дейді «Экомед Астана» клиникасының директоры Алмаз Ибрагимов.
Фестивальге жиналған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын елімізде денеден тыс ұрықтандыру лабораториясының негізін қалаған Салтанат Байқошқарова қарсы алып, шараның шымылдығын ашты. Қонақтарға балаларды ерте дамыту мамандары кеңес беріп, психологпен əртүрлі трансформациялық ойындар өткізілді. Сондай-ақ кішкентай сəбилердің тұсауы кесіліп, мерекелік фуршет жайылды. Бүлдіршіндерге арнайы ойын бөлмесі жасақталып, аниматорлар өнер көрсетті. Фестивальге Денсаулық сақтау министрлігінен, өкілдер келіп қатысты. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова орталықты аралап, жұмысымен танысты. Министр еліміз егемендік алғалы 30 мыңнан астам сәби эко арқылы дүниеге келгенін атап өтті.
Әр ата-ана үшін сәби сүю, дүниеге алып келген перзентін көру ең үлкен бақыт деп білемін. Осындай бақытты сыйлап жатқан дәрігерлерге алғыс айтамыз. Ата-аналар 7-10 жылдап осы кезекті күтетін еді. Өзіміз де жергілікті жерде жұмыс істегенде көріп жүрдік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен осы квоталардың саны жеті есе көбейді, - деді ол.
Аталған бағдарламаға қатысып, бүгінде сәбилі болған Астана қаласының тұрғыны Ләйлә Елеусіз ойымен бөлісті.
«Экомед-қа мен 2018 жылы келдім. Ол кезде мемлекеттік бағдарламаның көмегімен квота арқылы келіп қызды болдым. Қызым қазір 5 жасқа толды. Одан кейінгі ұлым міне, кішкентай өсіп келеді. Оқу-жұмыс деп жүріп кеш тұрмысқа шыққан соң үш жылдай сәбилі бола алмай жүрдік. Сол уақытта осы бағдарламаның шығып жатқан болатын. Келіп бағымызды сынап көрдік. Соның арқасында балалы болып отырмыз, - деді қала тұрғыны.