Астанада Асқар Забикулин жайында фильм түсіріліп жатыр
Елордада қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин жайында фильм түсіріліп жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшада марқұмның әйелі Әнел Забикулина жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Еске сала кетейік, Асқар Забикулин 2022 жылы 16 қарашада Астанда өрт болған «Қаһарман» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын құтқару кезінде денесінің 80 пайызын күйік шалған еді. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күресті. Өкінішке қарай, ол 20 қараша күні ауруханада көз жұмды.
-->
Қазір Асқарға және күн сайын өз өмірін қатерге тігіп, отпен күресіп жүрген өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған «Қаһарман» сериалы түсіріліп жатыр. Астанадағы түсірілім алаңына біз де бардық. Ол маңда шамамен 5 сағаттай болдық. Әлбетте, фильм түсіру – оңай іс емес. Түсірілім алаңы, жарық, ракурс бұл бір ғана көріністі түсіру кезінде біз көрген қиындықтардың аз бөлігі. Түсірілім тобына алғыс айтамын. Фильм көпшілікке ұнайды деп ойлаймын, - деп жазды марқұмның әйелі.