Астанада Арыс көпірі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірінде орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 7-16 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.