Елорда жаңалықтары

Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды

Астана күнінде ардагерлерге арналған қызметтік кеңсенің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздің әскери құрылымдық күштері Кеңес Одағы кезінде және Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының резолюцияларына сәйкес, ұрыс қимылдары алаңдарында бітімгершілік операцияларына қатысқан және бүгінге дейін қатысып келеді.

Қызметтік кеңсенің ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, мәслихат депутаты Динара Оразалина, Ұлттық ұлан қолбасшылығының тәрбие жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов және ардагерлер қатысты.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен елорда әкімдігінің қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтіндігін айрықша атап өтті.

Ал Астана қаласы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов ардагерлерге Алғыс хаттар табыс етті.

Сондай-ақ «Таулы Қарабақ» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, полковник Болатхан Омаров жаңа ғимараттың ашылғанына қуанышты екендігін жеткізді.

-->

Құрметті ардагерлер! Сіздердің ерен істеріңіз – ерлік пен батырлықтың нышаны. Ерліктеріңіз өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі-өнеге.

Бүгін қала күнінде орталықтың ашылуы да кездейсоқтық емес. Бұл орталықтың маңызы мен мәні өте зор. Сіздер жастармен жұмыс, патриоттық тәрбие, әлеуметтік саладағы жобаларға қолдау білдіріп жатасыздар. Сол қолдауларыңыз үшін елорда әкімдігі атынан ризашылығымызды білдіреміз, - деді Е.Байкен.

Ал Астана қаласы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов ардагерлерге Алғыс хаттар табыс етті.

Бүгін маңызы ерекше тарихи сәтте кездесіп тұрмыз. Жергілікті ұрыс қимылдары ардагерлері одағының кеңсесінің ашылуы Астана күнімен тұспа-тұс келіп тұр. Арқаның төсіндегі еңселі елорданың көркейгеніне бәріміз куәміз. Биыл елордаға – 26 жыл. Осындай бейбіт өмір сүріп отырғанымыз сіздердің жауынгерлік ерліктеріңіздің арқасы деп білемін. Сіздер шетелдерде бейбіт өмірді қорғауға атсалыстыңыздар. Бұл орталық барлығыңызға ортақ шаңырақ болады деп ойлаймын, - деді Е.Каналимов.

Сондай-ақ «Таулы Қарабақ» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, полковник Болатхан Омаров жаңа ғимараттың ашылғанына қуанышты екендігін жеткізді.

Орталықтың ашылуына көмек көрсеткен елорда әкімдігі мен мәслихатына рақмет! Біз секілді ардагерлерге еліміз бойынша алғаш рет Астанада кеңсе ашылып отыр. Бұл басқа аймақтарға үлгі болады. Сіздер ардагерлерге көп көмек көрсеттіңіздер.

Бүгінгі Астана күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді ардагер.