Елорда жаңалықтары

Астанада ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

Астанада ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері 2023 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады, деп хабарлады Elorda.info.

Жиынға Алматы ауданы әкімінің орынбасары Нұрмат Абдраимов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин, қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, және қалалық мәслихат депутаты Мәдина Әжікенова мен бір топ ардагер қатысты. 

Қазіргі таңда Алматы ауданында 32 406 ардагер тұрады. 8000-ға жуық зейнеткер ардагерлер кеңесіне мүшелік етеді. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының 4 қатысушысы, 257 тыл еңбеккері және жалғызбасты 35 зейнеткер бар. 

Отырыс барысында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы өткен жылы атқарылған іс-шараларға тоқталды. 

Сондай-ақ ол мұнда осы жылға қабылданған міндеттер жайлы айтылды.

-->

Қошқарбаев көшесіндегі «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» Конституция күніне орай Искакова Раушан Секенқызының ұйымдастыруымен «Әже-шаңырақ шырайы» сайысы өткізілді. Сайысқа қатысқан «Елорда» халықтық хорының, «Әдемі» ансамблінің мүшелері, «Миленум ардагерлері» бастауыш ұйымының әжелері көрермендерге, әсіресе жастарға ұлттық құндылықтарымызды сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. Мұндай іс-шаралар «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында біздің қолдауымызбен басқа да ұжымдарда, мектептерде, мекемелерде ұйымдастырылып отырады, - деді Астана қаласы Алматы ауданының ардагерлер Кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин.

Сондай-ақ ол мұнда осы жылға қабылданған міндеттер жайлы айтылды.

Биыл Қаныш Сәтпаевтың – 125 жылдығы, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мұндай айтулы даталар біздің осы жылғы жоспарымызға енді. Мемлекет басшысы өз сұхбатында «Халқымыздың төл мерекесі Наурыз мейрамын «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы». Сондықтан бұл мерекенің мазмұнын, байытып, барынша ерекшелеп атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін»-деп айтқан еді. Осы орайда қоғамды тұтастандырудың салмақты өзегі, ұлттық бірлік пен татулықтың айырықша арқауы – Наурыз мейрамын жаңаша сипатта атап өту міндеті тұр, - деді төраға.