Астанада Ардагерлер ұйымының пленумы өтті
Бүгін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің пленумы өтті, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Пленум отырысына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Ардагерлер ұйымы Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын жүзеге асырудың маңызын талқылады.
Аида Балаева пленумда ардагерлердің, яғни аға буынның ұлттық бірегейлікті нығайту мен елдің қарқынды дамуындағы рөлін атап өтті. Келер жылы екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына орай, министрлік іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Жиын соңында Аида Балаева көше атауларын беру, ескерткіштер орнату және тағы да басқа өзекті мәселелерде Ардагерлер ұйымымен тығыз байланыста болып, бірге жұмыс істеуге сенім білдірді.
-->Пленум отырысына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Ардагерлер ұйымы Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын жүзеге асырудың маңызын талқылады.
Аида Балаева пленумда ардагерлердің, яғни аға буынның ұлттық бірегейлікті нығайту мен елдің қарқынды дамуындағы рөлін атап өтті. Келер жылы екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына орай, министрлік іс-шаралар жоспарын әзірледі.
«Биыл екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Қазақстан ардагерлері туралы мәліметтерді қамтитын баршаға қолжетімді «Батырларға тағзым» порталы іске қосылды. Бүгінде порталдың қызмет аясы кеңейіп, барлық қазақстандық ардагерлер туралы деректерді біріктіретін ақпараттық интерактивті жүйе ретінде жұмыс істеуін мақсат етіп отырмыз. Сондай-ақ соғысқа қатысушыларға арналған қазақстан-ресей тарапының бірлескен фото-альбомын шығару жұмыстары жүргізілуде», – деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Жиын соңында Аида Балаева көше атауларын беру, ескерткіштер орнату және тағы да басқа өзекті мәселелерде Ардагерлер ұйымымен тығыз байланыста болып, бірге жұмыс істеуге сенім білдірді.