Елорда жаңалықтары

Астанада қар күреуге 1300-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

Қаланы қар мен мұздан тазарту бойынша күндізгі ауысымға 2 363 жұмысшы және 1 300-ден астам арнайы техника шықты.

25 қаңтардан 26-сына қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 26 мың текше метрден астам қар шығарды, бұл 2 080 ауыр жүк көлеміне тең.

22.jpeg

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 3 млн текше метрге жуық қар, яғни 213 205 рейс шығарылды.

Айта кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада бүгін көшпелі бұлт шығып, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз қар, көктайғақ, боран болады деген болжам бар. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с, күндіз – 23 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -7-9 аяз, күндіз одан әрі төмендейді.

7.jpeg

-->