Елорда жаңалықтары

Астанада қандай қазақ-қытай бірлескен жобалар жүзеге асырылуда

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек Үкіметте өткен кеңесте қытайлық серіктестермен бірнеше стратегиялық келісімге қол қойылғанын баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Олардың қатарында осы күзде LRT-ны сынақ режимінде іске қосу, құны $150 млн болатын логистикалық парк құрылысы, Huawei компаниясының 10G желісін енгізу және құны $1,3 млрд-ты құрайтын су құбырының құрылысы бар.

«LRT құрылыс жобасы бойынша пайдалануға беру, күтіп ұстау жөніндегі меморандумға қол қойылды. Біз нысанды осы күзде, яғни, қыркүйек айында сынақ режимінде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда аталған сала бойынша 150-ге жуық Қазақстан азаматы Қытайда кәсіби білімін жетілдіріп, тағылымдамадан өтуде. Меморандум қытайлық серіктестермен бірлесіп, жеңіл рельсті көлік жүйесін пайдалануды көздейді», - деді қала әкімі. 

Сондай-ақ $60 млн-ға Soho Holding қонақүй кешенін және Shenzhen Energy $230 млн-ға қоқыс өртеу зауытын салу бойынша құжаттарға қол қойылды.