Астанада «Қанаттылар» театры жаңа қойылымның премьерасын ұсынады
Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театрының «Құстар фестивалі» атты музыкалық спектакльінің премьерасы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Пьеса авторы жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дулат Исабеков. Режиссері – мәдениет қайраткері Нұрфат Вахитов. Қойылым 24-25 ақпан күндері, сағат 19:00-де «Жастар театры» ғимаратында өтеді.
Спектакльде – қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздікті, адамзатқа тән осалдық пен бойындағы көрсеқызар қасиетін баса алмай, білімді мен білімсіздің қалтасының қалыңдығына немесе күшіне қарап мақталатын заман құстар бейнесінде көрініс табады.