Астанада алименттік қарызы бар адамдарға тиесілі 4 автокөлік айып тұрағына жеткізілді
Астанада алименттік қарызы бар адамдарға тиесілі 4 автокөлік айып тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды Elorda.info.
-->
Аталған рейдтік шара барысында алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөліктерін айып тұрағына қою бойынша шаралар қабылданып, нәтижесінде 857 160 теңге, 1 518 626 теңге, 2 483 773 теңге, 2 943 979 теңге алимент берешектері бар борышкерлердің 4 автокөлігі ұсталып, айып тұрағына қойылды.
Жеке сот орындаушылар аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстарын жүргізетін болады. Аталған рейдтік шара бойынша алдағы уақытта да борышкерлердің мүлкінен өндіріп алу жұмыстары одан әрі жалғасады, - делінген құзырлы орын ұсынған хабарламада.