Астанада алимент төлемеген әке 5 тәулікке қамалды
Астана қаласының прокуратурасы алиментті қасақана төлемеген тұлғаны жауапкершілікке тартты, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілік немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделген.
-->Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы алимент бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талдау жүргізу барысында 2015 жылдан бері 19 млн.теңгеден астам берешегі бар алимент төлемеген тұлғаны анықтады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер 5 тәулікке қамауға алу әкімшілік жауапкершілігіне тартылды, - деп жазылған хабарламада.