Астанада алдағы күндері қай көшелер жабық болады
Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалада бірқатар көшеде алдағы күндері қозғалыс шектелетінін ескертті, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасаған Elordainfo.kz.
Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаске
7-10 маусым аралығында Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Алматы көшесін орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.
Қорғалжын тас жолынан Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаске
Қорғалжын тас жолынан Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде Домалақ ана көшесін жөндеу жұмыстары аясында жол жабынының жоғарғы қабаты төселеді. Осыған байланысты 7-8 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Р. Қошқарбаев даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаске
Р. Қошқарбаев даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде М.Жұмабаев даңғылы бойындағы жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты 7-9 маусым аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара жабылатын болады. Автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады..
І. Жансүгіров көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаске
І. Жансүгіров көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылы бойындағы жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Сонымен қатар Абылай хан даңғылы/Манас көшесі қиылысы жабылатын болады.
Осыған байланысты 7-8 маусымда автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Тәуелсіздік даңғылынан Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаске
Тәуелсіздік даңғылынан Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде Ш. Қалдаяқов көшесін орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталды. Осыған байланысты 7-13 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.